Бектенов бірқатар жоба құны мен шығындардың өсуіне жол бермеуді тапсырды

06.02.2025 13:43

Қосымша қаржылық қолдауды қажет ететін бірқатар жоба қарастырылды

primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен Республикалық бюджет комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

РБК отырысының қорытындысы бойынша орман тәлімбағын құру, ұлттық гидрометеорологиялық қызметті жаңғырту және өрт қауіпсіздігін күшейту арқылы қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларды қаржыландыруға қолдау көрсетілді.

Сонымен қатар қосымша қаржылық қолдауды қажет ететін бірқатар жоба қарастырылды.

"Премьер-министр мемлекеттік органдардың басшыларына процесті қатаң бақылауға алып, шығыстардың негізсіз артуына және жобалар құнының өсуіне жол бермеуді тапсырды", - делінген хабарламада.

Бағдарлама әкімшілерінің жұмысын күшейту және сметалық құжаттамада енгізілген жоба құнын сақтау қажеттігіне назар аударылды.

Оқи отырыңыз: АЭС құрылысы еліміз үшін экономикалық тұрғыдан барынша тиімді болуы қажет - Үкімет басшысы