Биыл диқандар 26,5 млн тонна астықты қамбаға бастырып үлгерді
Елімізде егін жинау науқаны аяқталды. Биыл диқандар 26,5 млн тонна астықты қамбаға бастырып үлгерді. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда жоғары. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның сөзінше, алқаптардағы орташа өнімділік гектарына 16 центнерді құраған. Ең көп астық жинаған өңірлер қатарында Солтүстік және Оңтүстік Қазақстан облыстары бар.
Айта кетейік, елде жүгері жинау науқаны әлі жалғасып жатыр.
"Дәнді дақылдарды аяқтауына байланысты ауыл шаруашылығы техникасы майлы дақылдарды жинауға көшті. Бүгінгі күні майлы дақылдарды жинау 1,9 млн гектарға, демек егістік алқабының 66 пайызына жүргізілді. Майлы тұқымдар 2,1 млн тоннаны құрап, орташа өнімділік 10,7 центнер болды", – деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров.
Қазақстанда астық экспорты 12 млн тоннаға ұлғайған. Биыл ел Орталық Азия мен Ауғанстанға 4,2 млн тонна бидай жөнелтпек. Отандық өнімге Түркия мен Таяу Шығыстан да сұраныс артқан. Сауда және интеграция вице-министрі «1 млн тоннадан аса астық тұқымын жеткізуге қауқарымыз бар» деді. Иранға арпа жеткізуді қалпына келтіру жолдары қарастырылып жатыр. Сауда және логистика мәселелері жақын арада шешімін таппақ.
"Қазақстан қаңтар-тамыз айларында бидай экспорты 3,13 млн тоннаны құрады. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 39,2 пайызға төмен. Себебі дәстүрлі экспорттық бәсекелестіктің күшейді. Сондай-ақ бидайдың экспортын, нарықтық географиясын, тартылуын байқап отырмыз. Негізгі өнім Италия, Түрікменстан және Ауғанстанға экспортталады", – деді ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев.
Оқи отырыңыз: Almaty TV жаңа сайтын ұсынды