Елімізде 600-ге жуық вагон жаңартылды

Almaty.tv
Almaty.tv

2025 жылы тағы 226 вагон беріледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Соңғы 10 жылда Қазақстанда 600-ге жуық вагон жаңартылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2024 жылы 143 жаңа вагон, соның ішінде елімізде шығарылған вагондар пайдалануға берілді, бұл «Қызылорда-Семей», «Астана-Көкшетау», «Павлодар-Алматы», «Павлодар-Туркестан», «Жезқазған-Алматы», «Актөбе-Атырау» және «Маңғыстау-Атырау» бағыттарында тасымалдау сапасын арттыруға мүмкіндік берді.

2025 жылы тағы 226 вагон беріледі деп күтілуде, бұл парктың тозу көрсеткішін 44-тен 38%-ға дейін төмендетіп, жолаушыларға қолайлы жағдай туғызады.

Жаңа вагондар заманауи климаттық бақылау жүйелерімен, жақсартылған дыбыс оқшаулауымен және ыңғайлы ұйықтайтын орындарымен жабдықталған. Бұл - ел бойынша саяхаттау ыңғайлы болып, қызмет көрсету деңгейінің жақсарғанының дәлелі

Оқи отырыңыз: Темір жол машиналарын жасау саласында алдағы екі жылда 3 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

Новости партнеров