Елімізде ажырасқандарға салынатын салық көлемі артатын болды

Marek Studzinski / Unsplash
Marek Studzinski / Unsplash

Мәжіліс жаңа Салық кодексін мақұлдады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда алкоголь, табак өнімдеріне акциздер және некені бұзуға қатысты мемлекеттік баж ұлғайтылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алкоголь мен темекі өнімдеріне, сондай-ақ құрамында қыздырылған темекі бар өнімдерге акциз мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен арттыру жоспарланып отыр. Энергетикалық сусындар мен құрамында транс майлары бар өнімдерге акциз мөлшерлемесі енгізіледі.

«Сонымен бірінші, екінші немесе үшінші топтағы мүгедектігі бар адамдар мен мүгедектігі бар балалар үшін әлеуметтік салық шегерімін 5 мың АЕК мөлшеріне дейін, ал некені бұзу туралы соттарға талап қоюлардан мемлекеттік баж мөлшерлемесін 5 АЕК-ке дейін көбейту ұсынылып отыр», - делінген хабарламада.

Тағы бір айта кетерлігі, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімсіз пайдаланғаны үшін төлемақы көтеріледі.

«Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді тиімсіз пайдаланған жағдайда жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемесі 100 есеге дейін көтеріледі. Қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензия негізінде берілген жер қойнауы учаскесі бойынша жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем мөлшерлемелері ұлғайтылады», - делінген Мәжіліс хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Қандай тауарларға қосылған құн салығы салынбайды

Новости партнеров