Елімізде республикалық маңызы бар 4,7 мың шақырым жол салынады

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жаңа жол жобалары кезең-кезеңімен іске асырылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде республикалық маңызы бар 4,7 мың шақырым жол салынады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Көлік министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа жол жобалары кезең-кезеңімен іске асырылады. Оның 3,7 мың шақырымы I санатты, ал қалған 1 мың шақырым II санатты жолдар болады.

2025 жылы құрылысы басталатын жобалар:

• «Ақтөбе – Ұлғайсын» (234 шақырым),
• «Қарағанды – Жезқазған» (572 шақырым),
• «Сарыағаш қаласының айналма жолы» (102 шақырым),
• «Қызылорда қаласының айналма жолы» (20 шақырым),
• «Атырау – Доссор» (86 шақырым),
• «Рудный қаласының айналма жолы» (16,9 шақырым),
• «Жаңаөзен – Кендірлі» (156 шақырым),
• «Петропавл қаласының айналма жолы» (8 шақырым).
Бұл бастамаларды жүзеге асыру арқылы жергілікті бизнес пен кәсіпорындар дамиды. 2025 жылы жаңа жол жобаларын іске асыру аясында 31 мың жұмыс орны ашылып, қосымша инвестиция тартылады. Көпжолақты жолдар жол-көлік оқиғаларының алдын алып, оларды азайтуға ықпал етеді.

Оқи отырыңыз: Рекордтық көрсеткіш: 2024 жылы 12 мың шақырым жолға құрылыс, қайта жаңарту және жөндеу жұмыстары жүргізілді

Новости партнеров