Қазақстанды газдандыру: халықтың әлеуметтік осал топтарына қандай көмек көрсетіледі

20.01.2025 13:31

Халықты табиғи газбен қамтамасыз ету кезіндегі әлеуметтік жауапкершіліктер қандай

Photo by Grab on Unsplash

Табиғи газды пайдалану көмірқышқыл газы шығарындыларының төмен деңгейіне, зиянды қоспалардың болмауына және көмір мен мазутпен салыстырғанда жоғары энергетикалық тиімділікке байланысты экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының «әлеуметтік әмиян» тетігін енгізу жөніндегі тапсырмасы шеңберінде 2024 жылғы желтоқсанда Үкімет Батыс Қазақстан облысы мен Шымкент қаласында халықтың әлеуметтік осал топтарына тауарлық газға (24% дейін) жеңілдік түрінде атаулы әлеуметтік және тұрғын үй көмегін ұсыну бойынша пилоттық жобаны іске қосты, осылайша 6000-нан астам адамды қамтыды.

Пилоттық жобаның қорытындысы бойынша аталған тетік бүкіл ел бойынша енгізілетін болады.