2024 жылы 1400 шақырым теміржол жөнделіп, 143 вагон сатып алынды
Қазақстанда ұзындығы 1100 шақырымқұрайтын 3 ірі темір жол құрылысы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Көлік министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Олар – «Достық – Мойынты», «Алматы айналма темір жолы» және «Дарбаза – Мақтаарал». Жобаларды жүзеге асыру қазақстандық өнімнің үздіксіз экспортты кеңейтуге мүмкіндік беріп, елдің транзиттік әлеуетін арттырады. Биыл Достықтан Мойынтыға дейін теміржолдың құрылысы аяқталады. Учаскенің өткізу қабілеті 5 есе артады. Сонымен қатар Алматыны айналып өтуге мүмкіндік беретін темір жолдың құрылысы аяқталады. Бұл аймақтағы теміржол желілеріне түсетін жүктемені азайтуға ықпал етеді. «Дарбаза-Мақтаарал» жобасы Оңтүстік Қазақстан өңірін халықаралық транзиттік дәліздерге жалғайтын болады.
2024 жылы 1400 шақырым теміржол жөнделіп, 143 вагон сатып алынды.
Бүгінгі таңда темір жол жобаларын салу шеңберінде шамамен 2,7 мың жұмыс орны ашылып, 1,4 мыңнан астам техника жұмылдырылды. Теміржол желісін салу және қайта құру ел экономикасының дамуына серпін бермек.
Оқи отырыңыз: Елімізде қандай инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылды