Қазақстанда жоспарланып отырған салық реформасының егжей-тегжейі талқыланып жатыр
Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин Қазақстанда қандай салалар ҚҚС-тан босатылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін Мәжілістегі дөңгелек үстелде Қазақстанда жоспарланып отырған салық реформасының егжей-тегжейі талқыланып жатыр.
"ҚҚС бойынша сараланған мөлшерлеме ұсынамыз. Жалпы белгіленген мөлшерлеме 16 пайыз болады, бұл - базалық мөлшерлеме. Екінші нұсқа - агроөнеркәсіп кешенін ҚҚС-тан толық босату. Бұл жағдайда ерікті есепке қою құқығын сақтаймыз. Яғни салық төлеуші ҚҚС төлегісі келсе, мұндай құқығы сақталып қалады. Сондай-ақ, 10 пайыз аралық мөлшерлеме қарастырылған. Парламентке түскен жобада бұл мөлшерлеме денсаулық сақтау саласына ұсынылды", - деді Әмрин.
Шенеунік кәсіпкерлермен кездесулер, әртүрлі алаңдағы талқылаулар арқылы халық пен бизнес өкілдерінен көптеген ұсыныс түскенін жеткізді. Соның ішінде азық-түлік өнімдеріне және тауарлардың басқа да санаттарына ҚҚС-ны төмендету бойынша бастамалар көтерілген.
Одан бөлек Салық кодексінің жобасында мына жағдайлар қарастырылған:
"Қазір бұл мәселелердің барлығы талқыланып жатр. Мәжілістегі бейінді топтың жұмысы аясында осы ұсыныстың барлығын егжей-тегжейлі қарастырамыз", - деп толықтырды шенеунік.
Оқи отырыңыз: Елімізде ең арзан баспананы қай қаладан сатып алуға болады