Қазақстанға қай елдерден тауар көбірек импортталады

16.04.2025 18:06

Екі айда импорт көлемі  8 261,4 млн долларды құраған

Eilis Garvey / Unsplash

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 2025 жылғы қаңтар-ақпанда 19 016,6 млн долларды құрады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сүйенсек, экспорт 10 755,2 млн$, импорт 8 261,4 млн долларды құраған.

Қазақстанның негізгі серіктес елдері:

Экспорт бойынша (% үлесі):

  • Италия – 26,7%;
  • Қытай – 15%;
  • Ресей – 9,5%;
  • Нидерланд – 5,2%;
  • Түркия – 5,1%.

Импорт бойынша (% үлесі):

  • Қытай – 28,8%;
  • Ресей – 28,5%;
  • Корея – 4,7%;
  • Германия – 4,1%;
  • АҚШ – 2,9%.

Оқи отырыңыз: Көпірден құлап кеткен: Абай облысында өзеннен екі адамның денесі табылды