Қазақстанның қай өңірлерінде қияр мен қызанақ бағасы қымбат

pexels.com / Yaroslav Shuraev
pexels.com / Yaroslav Shuraev

Алматы қаласында баға өзге аймақтарға қарағанда төмен

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Күн жылынып, еліміздегі базар мен супермаркеттерде биыл піскен көкөніс те сатылады бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Көктемде дастарқанға қоятын салаттың негізгі құрамы қияр мен қызанақтан тұрады. Дүкен сөрелерінде көкөністің бұл екі түріне әлі таңдау аз. Дегенмен еліміздің оңтүстігінде баға өзге аймақтарға қарағанда төмен.

Қияр бағасы қанша?

Еліміз бойынша қияр бағасының ең арзаны Таразда болып шықты. Мұнда бір келі қияр – 600-650 теңгеден. Шымкентте қиярдың келісі 600-800 теңгеден сатылып жатыр.

Алматыда қияр бағасы 750 теңгеден басталса, Қызылордада 800-ден басталған баға 1 000 теңгеге жетеді.

Түркістан мен Қонаевта көкөніс құны шамалас. Мұнда қияр келісі 800-1 200 теңге тұрады.

Ал Қостанайда жергілікті жылыжайда өсірілген қияр бағасы шамамен 900 теңге деп көрсетілген. Бірақ базар мен супермаркетте баға 1 200-1 600 теңге болып тұр.

Петропавлда ұзын қиырдың келісі 950 теңгеге, ал ұсақ сұрпы 1250 теңгеге сатылып жатыр.

Ақтаулықтар қиярды 1 000 теңгеге сатып ала алады. Атырауда бұл көкөніс құны – 1 150-1 200 теңгеден.

Павлодар базарында Ақсудың қияры 1 200 теңгеге сатылып жатыр. Ал «миринда» сұрпының келісі – 1 100 теңге. Супермаркеттерде баға жоғары. Мұнда қиярдың келісі – 1 650 теңге. Ал Ақтөбеде қияр құны 1 200 теңгеден басталады.

Көкшетауда қияр құны – 1 250-1 400 теңге. Елордада баға осы шамалас.

Өскемен, Талдықорған, Орал мен Семейде қиярдың бір келісі – 1 350 теңгеден.

Жезқазған тұрғындары қиярды 1 350-1 600 теңгеге сатып алса, Қарағандыда баға – 1 380 теңге.

Қынанақ бағасы – 1 000 теңге және одан жоғары. 

Еліміздің оңтүстігінде баға төмен. Тараз базарында қызанақ құны 600-700 теңгеге бағаланса, дүкенде келісі 1 000 теңгеден аспайды.

Түркістан мен Қонаевта қызанақ келісі 900-1 100 теңге деп көрсетілген.

Алматы баға әртүрлі. Қарапайым қызанақ келісі 1 000-1 700 теңге, черри 1 500-1 600 теңге, ал сары сұрыптысы 3 000 теңгеге жуықтайды.

Шымкентте қызыл түсті қызанақ келісі – 1 165 теңге, ал ақшыл қызыл түсті қызанақ келісі – 2 520 теңге. Черридің бағасы 1735 теңгеден басталады. Қызылордада қызанақ құны 1 200 теңге болып тұр.

Астанада ақшыл қызыл түсті қызанақ келісі – 1 100-2 500 теңге шамасында.

Ақтөбеде қарапайым қызанақ келісі – 1 200 теңге, «Сарыағаш» сұрпы мен черри 2 000 теңге болса, сабағынан ажырамаған черридің келісі 3 800 теңгеге сатылады.

Ақтауда қызанақ келісі – 1 200 теңге.

Көкшетауда баға мүлде бөлек. Мұнда қызанақ келісі 1 300-1 500 теңге болса, черри сұрпы 1 800 теңгеге сатылып жатыр. Ал Петропавлда баға 1 300 теңгеге жуықтап тұр.

Қостанайда қызанақ келісі 1 400 теңгеден басталып, 3 500 теңгеге (сұрпы басқа, әсіресе сарысына баға жоғары) дейін жетеді. 

Орал мен Талдықорғанда қызанақ бағасы 1 500 теңге, ал Атырауда 1 500-1 600 теңге болып тұр.

Жезқазғанда қызанақтың келісі 1 550 теңгеден басталып, 2 000 теңгеге жетеді. Ал Қарағандыда баға 1 600-2 640 теңге деп көрсетілген. 

Еліміздің шығысы Өскемен мен Семейде қызанақтың келісі сұрпына қарай әртүрлы. Ташкенттік сұрпы – 2 100, қызылы – 1 700, черри – 2 000, ал сабағынан ажырамағаны – 1 600 теңге.

 Оқи отырыңыз: Алматы әкімі қалалық Полиция департаментінің жаңартылған инфрақұрылымымен танысты

Новости партнеров