Азық-түлік бағасын өсірмеу мәселесі күн тәртібінен түспеді
Үй жанындағы дүкендерге қосылған құн салығы салынбайды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрінің орынбасары Қайрат Төребаев мәжіліс дәлізінде мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, құн салығына қатысты нақты шешім әлі қабылданбаса да, азық-түлік бағасын өсірмеу мәселесі күн тәртібінен түспеген. Cондай-ақ әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен ауыл шаруашылығы саласында аталған салық түрін көтеру туралы мәселе жоқ.
"Ауыл шаруашылық өнімдеріне салыққа салынбайды, ал дүкендерге оның мөлшері төмен болады. Әлеуметтік маңызы бар тауарларға салық көтерілмейді", – деді ҚР Cауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев.
Оқи отырыңыз: Қосылған құн салығы: уақыт сынын еңсеретін қадам