Алдағы екі күнде ҚҚС мөлшерлемесі туралы ұсыныстар Парламентке ұсынылады
Ұлттық экономика министрінің орынбасары Азамат Әмрин қосымша құн салығы мөлшерлемесі 16 пайыз болса, жалақы бағасы қалай өзгеретінін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.
"Бұл бағытта шамамен 800 млрд теңге бөлеміз. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, базалық инфляция деңгейі 7-8% аралығында белгіленген. Сонымен қатар қосымша 3% инфляция болатынын болжап отырмыз. Нәтижесінде, жалпы инфляция деңгейі шамамен 11% болмақ. Біз жыл сайын инфляцияны ескеріп индекстеу жүргізіп келеміз. Бұл жолы қосымша 3% инфляцияны индекстейміз. Сондықтан айлық, зейнетақы және жәрдемақыларға қосымша 3% индекстеу жасалады", - дейді Азамат Әмрин.
Әмрин алдағы екі күнде ҚҚС мөлшерлемесі туралы ұсыныстар Парламентке ұсынылатынын айтты.
"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 6 жұмыс тобы бүкіл өңірлерді аралап, бизнеспен, кәсіпкерлермен кездесіп шықты. Сол кездесулерде айтылған ұсыныстарды қазір талдап жатырмыз. Бүгін-ертең ұсыныстарды Парламентке енгіземіз", - деді министрдің орынбасары.
Оқи отырыңыз: Жергілікті атқарушы органдар құлақ мүкістігі бар азаматтарға есту аппаратын алуға міндетті