Маңғыстауда 80 мыңға жуық көлік иесі салық төлемеген

Almaty.tv
Almaty.tv

Төленбесе кідірістің әр күні үшін өсімпұл есептеледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Аймақта 79 мыңнан астам автокөлік иесінің 2,5 миллиард теңгеден астам салыққа берешегі бар. Олардың барлығына хабарлама жіберілген. Нәтижесінде бюджетке тек 500 миллион теңгенің шамасында қаражат түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Ақтау қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Асқар Оралбаевтың айтуынша, көлік салығы 2025 жылдың 1 сәуіріне дейін төленуі тиіс. 

"Ақтау қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасы 2024 жылға көлік құралдарының салығын есептеп шықты. Соған сәйкес, тұрғындарға мобильді банктік қосымшаларға өткен жылдың көлік салығы туралы хабарламалар жіберілді. Бұл салықты 1 сәуірге дейін төлеулері қажет. 

Төленбесе кідірістің әр күні үшін өсімпұл есептеледі. Сонымен қатар, салық төленбеген жағдайда тиісті хабарлама салық төлеушіге жіберіледі. Егер хабарлама орындалмаса, салық бұйрығы шығарылады, содан кейін оны мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларға жіберіледі", - дейді Асқар Оралбаев.

Оқи отырыңыз: Жаңаөзен қаласында сауда орталығында өрт шықты

Новости партнеров