Мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі қысқарады

10.02.2025 14:45

Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл мәлімдеді

Мемлекеттік сатып алуды өткізу мерзімі қысқарады. Енді конкурстар мен аукциондар бойынша жеңімпаз 10 жұмыс күні ішінде анықталады. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тиісті құжаттаманы талқылау 5 күннен 2 жұмыс күніне дейін қысқарса, өтінімдерді қабылдау – 15 күннен 5 күнге дейін, ал өтінімдерді қарау және қорытындылау 10 күннен 3 жұмыс күніне дейін азайған. Сондай-ақ рейтингтік-балдық жүйе бойынша өткізілетін конкурс 5 күнге дейін қысқарған. Бұрын бұл процесс 29 күн жүргізілетін.

Айта кетейік, заңда жеңімпаздарды анықтау кезінде жергілікті компанияларға басымдық берілетіні жазылған.

1Жаңа заң бойынша жергілікті компанияларды қолдау балы 1 балдан 2 балға өсіп отыр. Бұл жергілікті жерде тіркелген компанияларға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Белігілі бір қорытындыларды сай, рейтингтік балдық жүйе бойынша көп өңірде мердігерлер таңдалынып алып отыр1, – деді ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Кеңбейіл.

Оқи отырыңыз: Аралда балық аулау көлемі 8 мың тоннаға жетті