Мұнай бағасы антирекордтарды жаңартып жатыр

Zbynek Burival/unsplash.com
Zbynek Burival/unsplash.com

"Қара алтынның" арзандауы 3 сәуірден басталды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлемдік мұнай бағасы төрт жыл ішіндегі ең төменгі көрсеткіштерді жаңартып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Brent маркалы мұнайдың бағасы 2021 жылдың наурызынан бері алғаш рет бір баррель үшін 61 доллардан төмен түсті.

Астана уақытымен таңғы сағат 07:30-дағы мәлімет бойынша, Лондондағы ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың маусымдағы фьючерстері 5,03 пайызға арзандап, бір баррель үшін 60,98 доллар болды.

Ал WTI маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстері 5,02 пайызға төмендеп, 57,65 доллар болды.

Еске салайық, "қара алтынның" арзандауы 3 сәуірден басталды. Бұл АҚШ президенті Дональд Трамптың 185 елден әкелінетін тауарларға жоғары тариф енгізуінен кейін басталған болатын.

Оқи отырыңыз: Жамбылда мал ұрлауды кәсіп қылған 6 қылмыстық топ құрықталды

Новости партнеров