Мұнай бағасы қайта құлдырады

29.04.2025 10:55

Мұнай бағасы Иранның ядролық бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатқан келіссөздерге байланысты қысымда қалып отыр

Zbynek Burival/unsplash.com/

Әлемдік мұнай бағасы қайтадан төмендеп жатыр. Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 65 долларға дейін түсті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Brent маркалы мұнайдың маусымдағы фьючерстерінің бағасы Лондондағы ICE биржасында Астана уақытымен 08:25-те 2,13 пайызға төмендеп, барреліне 65,44 доллар болған.

WTI маркалы мұнайдың мамырдағы фьючерстерінің бағасы 2,09 пайызға төмендеп, барреліне 61,70 доллар болды.

Мұнай бағасы Иранның ядролық бағдарламасы бойынша жүргізіліп жатқан келіссөздерге байланысты қысымда қалып отыр: егер тараптар прогреске қолжеткізсе, бұл АҚШ санкцияларының жеңілдеуіне және Иран мұнайының әлемдік нарыққа қайта оралуына әкелуі мүмкін. АҚШ пен Иран үш раунд кеңесу өткізді, төртінші раунд алдағы сенбіге жоспарланған.

Нарыққа қосымша қысым ОПЕК+ елдерінің мұнай өндіру көлемін арттыру ықтималдығынан туындап отыр, бұл да инвесторлардың алаңдаушылығын тудырды.

Оқи отырыңыз: «Алматы жастары»: жалға алған баспанада тұрып жатқан алматылық бойжеткен өзінің жеке пәтеріне ие болды