Неғұрлым ертерек банкке жүгінсеңіз, соғұрлым айыппұлдан, несие тарихының нашарлауынан аулақ боласыз
Кез келген адамның өмірінде қаржылық қиындықтар болуы мүмкін. Сондықтан несиені уақытында төлей алмасаңыз, қандай қадамдар жасау керектігін білу маңызды. Мұндай жағдайда қарызды қайта құрылымдау – яғни, несие шартының талаптарын өзгерту қаржылық жүктемені жеңілдетудің бір жолы, деп хабарлайды Аlmaty.tv Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.
Қай кезде қайта несиені құрылымдауға болады?
Егер қарыз алушының қаржылық қиындықтарға тап болуына төмендегідей объективті себептер ықпал етсе, банк қайта құрылымдау туралы өтінішті қарастыра алады:
Неғұрлым ертерек банкке жүгінсеңіз, соғұрлым айыппұлдардан, несие тарихының нашарлауынан және қаражатты сот арқылы өндіріп алудан аулақ болу мүмкіндігі жоғары.
Өтініш қалай беруге болады?
Қарызды қайта құрылымдау туралы өтінішпен төлем кешіктірілген күннен кейін 30 күн ішінде банкке жүгініңіз. Өтініште қаржылық қиындықтардың себебін көрсетіп, растайтын құжаттарды (табыс туралы анықтама, медициналық қорытындылар және т.б.) тіркеңіз. Банк өтінішті 15 күнтізбелік күн ішінде қарастырып, шешімдер ұсынады.
Несиені қайта құрылымдау жолдары қандай?
Банктер келесі шешімдерді ұсына алады:
Банк бас тартқан жағдайда не істеу керек?
Егер банк қайта құрылымдауға рұқсат бермесе, сіз:
Бастысы – мәселені назардан тыс қалдырмау керек. Банкке уақытында жүгіну қаржылық қиындықтарды алдын алуға және қаржылық тұрақтылығыңызды сақтауға көмектеседі.
Оқи отырыңыз: 2025 жылдың 1 ақпанынан бастап автогаз бағасы қымбаттайды