Үкіметтің кеңейтілген отырысы: Президент нақты қандай тапсырма берді

Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін Серік Жұманғарин, Алмасадам Сәтқалиев және Мәди Тәкиев бастаған бірнеше министр брифинг өткізді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында тұрғызылатын Атом электр стансасын қай елдің салатыны маусымда белгілі болады. Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жуырда бірінші АЭС салу бойынша келісімге қол қойылатынын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Президент алдында Премьер-министр Олжас Бектенов, Экономика министрі Серік Жұманғарин, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовпен қатар тағы бірнеше әкім есеп берді.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында алғаш болып Премьер-министр Олжас Бектенов баяндама жасады. Былтыр ел экономикасы 4,8 пайызға өскен. АЭС салу бойынша да келісімдер аяқталып келеді. Былтыр Үкімет негізінен отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелеріне басымдық берген. Мемлекеттік сатып алулар шеңберінде тек қана қазақстандық өндірушілерден алынатын тауарлық позициялардың тізбесі 4,5 мың атауға дейін – яғни, үш есеге ұлғайтылған. Олжас Бектенов қосымша құн салығын 12 пайыздан 20 процентке көтеру керек екенін айтты. Осыдан кейін экономика министрі Серік Жұманғарин мінберге шықты. Ведомство басшысы көптен бері қызу талқыланып жатқан Салық кодексі туралы сөз қозғады. Енді әлеуметтік салық және жұмыс берушілердің зейнетақы жарналары жойылады, олардың шығындары бюджет есебінен жабылады. Ал банктер мен ойын бизнесі үшін салық көтеріледі. Қасым-Жомарт Тоқаев Салық кодексіне қатысты мәселеде қателесуге болмайтынын жеткізді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Ұлттық қордан трансферттерді азайту қажеттігін баса айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев көрпеге қарап көсілу керек екенін айтты. Президенттің сөзінше, орынсыз шығынды тоқтатып, аяғымызды тартып басу қажет. Сондықтан Үкімет қаншалықты қиын болса да, жаппай үнемдеуге көшіп, бюджет қаржысын тек өзекті мәселелерді шешуге жұмсауы керек

Президент елдегі тарифтердің нарық талабына сай болуы туралы да сөз қозғады. Қасым-Жомарт Тоқаев 8 бағыт бойынша нақты тапсырма берді. Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін Серік Жұманғарин, Алмасадам Сәтқалиев және Мәди Тәкиев бастаған бірнеше министр брифинг өткізді.

Оқи отырыңыз: Астанадағы LRT құрылысы қашан аяқталады

Новости партнеров