Сенаторлар үш жылдық бюджет жобасын Мәжіліске қайтарды

Келесі жылы шығыстарға кететін қаражаттың көлемі 60 миллиард теңгеге ұлғайтылмақ

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сенат депутаттары 3 жылдық бюджет туралы заң жобасын Мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Бүгін жоғары палата мүшелері құжатты талқылап, оған бірнеше түзету енгізді. Келесі жылы шығыстарға кететін қаражаттың көлемі 60 миллиард теңгеге ұлғайтылмақ.

"Заңды талқылау барысында өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде 135 ұсыныс келіп түсті. Олар салыстырмалы кестеге келтірілді. Келер жылы шығысты 60 млрд теңгеге ұлғайту ұсынысы қолдау тапты. Қаржы және бюджет комитеті "Қазақстанның Ұлттық қорынан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заңды мақұлдауды, салыстырмалы кестені қарап, "2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңды Мәжіліске жіберуді ұсынады", – деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сұлтанбек Мәкежанов.

Оқи отырыңыз: Сібір жарасы: Атырауда мал базары жабылды

Новости партнеров