Төл теңгенің нығаюы уақытша құбылыс па - сарапшы пікірі

12.03.2025 17:09

Елімізде көк қағаз құны арзандады. Соңғы күндері ұлттық валюта күшейіп, айырбастау пункттерінде 1 АҚШ доллары 491-492 теңгеден сатылып жатыр. Сарапшылардың пайымынша, бағаның құлдырауына бірнеше фактор әсер етеді. Валюта нарығындағы өзгерістер жайлы сауалдарға «Алматы» телеарнасының студия қонағы тәуелсіз сарапшы, экономист Мақсат Халық жауап береді.

–  Мақсат мырза, доллардың құлдырауына не себеп?

«Қазір валюта нарығында теңгеміз күшейіп жатыр. Әлемдік тақтада экономикадан гөрі саяси факторлар көбірек әсер етіп тұр деуге негіз бар. Трамп билікке келгелі Ресеймен кішкене уағдаластығы жақсарып қалған үдеріс рубльдің күйшеуіне септігін тигізді. Ол Қазақстан теңгесінің де күшейуіне ықпалы болып тұр деуге негіз бар. Бұл – саяси фактор. Ал экономикалқық факторға тоқталатын болсақ, Ұлттық қор аударымдарына қатысты айтқым келеді. Дәл осы біріншілік кварталда Ұлттық қордан өте көп көлемде доллар күйіне валюта аударып, теңге сатып алып жатқан жағдайымыз бар. Бұл қолдан теңгеміздің құнын арттырып тұр. Ішкі экономикалық фактор  бірінші кварталдың соңына дейін төленіп бітіруі керек. Ірі компаниялар салықтық міндеттемесін төлеу барысында теңге сатып алу арқылы оған күш, қуат беріп тұр деп айтуға негіз бар».

– Ал төл теңгенің нығаю уақытша құбылыс па? Болашақта валютамызды не күтіп тұр?

«Алдағы уақытта қалай өрбуі мүмкін. Бірден айту керек, бірнеше фактор бар. Мұнай бағасы құлдырап жатыр. Егер алдағы уақытта құлдырау үдерісін жалғастыратын болса, теңгеге кері әсерін тигізеді. Өйткені төлем балансында теңге едәуір төмендейді. Қазақстан экономикасында бәрібір теңге алдағы уақытта құнсызданатынына бір белгі деп айтуға негіз бар. Геосаяси жағдайлар бәрі реттеліп, соғыс тоқтап, Ресей экономикасында қайтадан өзгеріс болса, рубль тұрақтанады. Демек теңге құнды болуына әсер етеді. Қазақстанның микроэкономикалық аймақ ретінде тәуелділігі жоғары деп айтуға негіз бар. Әлемдік экономикада биыл біраз ауытқу орын алса, теңге де соған сәйкес, көтеріліп, түсіп отырады».

Оқи отырыңыз: Қазақстандық блогерлер табысын көрсете бастады