Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін қаржыландыру көлемі ұлғаяды

Photo by The Jopwell Collection on Unsplash
Photo by The Jopwell Collection on Unsplash

1 студентті оқытуға бөлінетін қаражаттың орташа мөлшері 912 мың теңгені құрайды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу шеңберінде 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі ұлғаятынын хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қазіргі күні жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың қолданыстағы әдістемесіне сәйкес 1 студентті оқытуға бөлінетін қаражаттың орташа мөлшері 437 мың теңгені құраса, енді ол орта есеппен 912 мың теңгені құрайтын болады.

"Жаңа қаржыландыру нормативі негізгі және ынталандыру бөліктерінен тұрады, бұл ретте ынталандырушы төлемдер нақты көрсеткіштерге  қол жеткізген колледждерге беріледі. Қаржыландырудың жаңа жүйесі бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға, білім беру ұйымдарын заманауи материал-техникалық құралдармен жабдықтауға және педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыруға мүмкіндік береді", — деп түсіндірді Ғани Бейсебаев.

Оқи отырыңыз: Экономикалық өсуді қамтамасыз ету: Қазақстан үкіметінің жаңа бастамалары

Новости партнеров