2022-2024 жылдары мемлекетке 12 миллионнан астам алқап қайтарылды
Елімізде 27 миллион гектар жайылымды мал аяғымен таптап, жарамсыз күйге түсірген. Одан бөлек, шамамен 30 миллион гектар жер табиғаттың әсерінен тозып кеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жер ресурстарын басқару комитетінің дерегінше, 2022-2024 жылдары мемлекетке 12 миллионнан астам алқап қайтарылып, оның 5 миллион гектарға жуығы жайылым мен шаруаларға үлестірілген.
Мамандар бұл амалдар тапшылықты азайтып, бұрын пайдаланылмаған жер телімдерін айналымға қосуға мүмкіндік беретінін айтты. Сондай-ақ кез келген азамат игерілмей жатқан алқаптарды қайтаруға қатысты мәліметтерді арнайы порталдардан көре алады.
"jerkarta.gharysh.kz геосервисінде 2022 жылдан бастап қайтарылған жердің барлығы көрсетілген. Олардың ескі кадастрлық нөмірлері, қай жерде орналасқан, қай елдімекенде алаңы бар және де қандай мақсатта қолданылғаны ақпарат толық бар. Әрбір ҚР азаматы кіріп, қандай жерлер қайтарылғанын көре алады", – деді ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің басқарма басшысы Сағадат Дүйсенов.
Оқи отырыңыз: Алматыда ұзақ салынған ірі құрылыс бұзылды