Салық органдарының ескертуінен кейін 15 қазақстандық блогер бюджетке 75 миллион теңге аударған. Бұл туралы бүгін Мәжілісте Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ал алдағы уақытта желідегі контент қаралымы үшін төленетін монетизацияға да салық салынбақ. Блогерлер расымен де табысын жасыра ма? Әлде билік көлеңкелі экономиканы заңдастыруды мықтап қолға алды ма? Осы және өзге сұрақтарға студия қонағы әлеуметтанушы Серікболсын Сарыбаев жауап береді.
Толығырақ бейнематериалдан көре аласыздар.