Бүгін барынша шыдамды болып, ешкімге сыр білдірмеуге тырысыңыз
Тоқты (21 наурыз – 19 сәуір)
Бүгін өз қалауыңызды жасырмай айтыңыз, сізді қолдайтын адам табылады және сонымен күш біріктіре аласыз. Сонда ойыңыздағы мақсатқа міндетті түрде қол жеткізесіз, егер бәрі ойыңыздағыдай болмаса, көңіл күйіңізді түсірмеуге тырысыңыз.
Торпақ (20 сәуір – 20 мамыр)
Бүгін сіздің шыдамдылығыңыз үлкен сынаққа ұшырауы мүмкін және оған отбасыңыз бен достарыңыз себеп болуы мүмкін. Сіз жасай алатын ең жақсы нәрсе – еш сыр білдірмей, сабырлы болыңыз, сонда олар мазаңызды алмауы мүмкін.
Егіздер (21 мамыр – 20 маусым(
Бүгін сіздің ойыңызға оғаш ойлар келеді. Мүмкін, олардың біреуін жүзеге асырып көрерсіз, бұл сізді ақымақ етіп көрсеткенімен, өзіңізді ерекше ойлана білетін адам ретінде танытуға мүмкіндік береді.
Шаян (21 маусым – 22 шілде)
Бүгін тіпті әлденені армандауға да мұршаңыз болмайды. Тіпті демалуға да уақытыңыз болмайды. Алға үлкен мақсаттар қоюға асықпаңыз, оны сіз үшін басқалар жасауы мүмкін.
Арыстан (23 шілде – 22 тамыз)
Бүгін сізге қатты әсер етпейтін күрт өзгерістер болады. Мүмкін, одан жұмысыңыз көбейіп кетер, дегенмен тек жағымды көңіл күй сыйлайтыны анық.
Бикеш (23 тамыз – 22 қыркүйек)
Сіз алға қойған ауқымды мақсаттарыңызды тек ыңғайлы уақытты күтіп кейінге ысыра бермегеніңіз жөн. Барынша жинақталып, көңілді күйде ойыңызды батыл іске асыра беріңіз.
Таразы (23 қыркүйек – 22 қазан)
Сіздің ойыңыздағы жоспарларыңыз бен қалауыңызға қарамастан, қалыптасқан жағдай тым жылдап өрби бермек. Бүгін бәрі тым тез өзгереді, тіпті не болып жатқанын түсінуге де уақыт таппай қалуыңыз мүмкін.
Сарышаян (23 қазан – 21 қараша)
Бүгін ақша мәселесін шешуге қолайлы уақыт, мысалы, бастығыңызға жалақыны көтергені дұрыс екенін немесе қарыз алғандарға тезірек ақшаңызды қайтару керек екенін еске салыңыз.
Мерген (22 қараша – 21 желтоқсан)
Өткен аптада ашуға беріліп, жарты жолда тастап кеткен шаруаңызды бүгін қайта қолға алғаныңыз жөн. Жақсы нәтиже шығатыны анық.
Тауешкі (22 желтоқсан – 20 қаңтар)
Бүгін сізден бәрін күтуге болатын күн. Ең зиянсыз деген әрекетіңіз - пәтердегі жиһаздың орнын ауыстырып тастау болуы мүмкін.
Суқұйғыш (21 қаңтар – 18 ақпан)
Сіз бүгін бақылауда болуыңыз мүмкін. Өзіңізге зиян келтіретін ештеңе жасамауға тырысыңыз.
Балықтар (19 ақпан – 20 наурыз)
Бүгін сіздің сыртқы келбетіңіз ерекше маңызды болады. Ішіңізден қатты абыржып тұрсаңыз да, сабырлық маскасын киіп, ешкімге сыр білдірмеуге тырысыңыз.
Дереккөз: CHITA
Оқи отырыңыз: Қытайда 17 баланы ұрлап, сатқан әйел өлім жазасына кесілді