Бүгін көптен бері ойда жүрген тірлігіңізді аяқтауға қолайлы күн
Тоқты (21 наурыз – 19 сәуір)
Бүгін ешкімнің ісіне араласпауға тырысыңыз. Істің қыр-сырын түсінбестен, араласып кетсеңіз, жақсы ниетіңізді дұрыс түсінбей қалуы мүмкін.
Торпақ (20 сәуір - 20 мамыр)
Бүгінгі күн күтпеген кездейсоқтыққа толы болуы мүмкін. Дегенмен әр кездейсоқ нәрсе үшін көп ойланудың қажеті жоқ. Қалай болғанда да ұмтамдылықтан айырылмауға тырысыңыз.
Егіздер (21 мамыр – 20 маусым)
Бүгін сезімге толы күн болады, сондықтан қуанып жүресіз. Бақытқа бөлейтін ойлар арқылы шаршағаныңыз басылады.
Шаян (21 маусым - 22 шілде)
Кез келген кішкентай нәрселерден ләззат алыңыз. Сол арқылы үлкен бақыттың дәмін сезінесіз. Қуанышты сәтіңізді суретке түсіруді ұмытпаңыз.
Арыстан (23 шілде - 22 тамыз)
Бүгін сізге ой бөлісетін адам керек болады. Әңгімелесушінің қызық болуы маңызды емес, ең бастысы, көңіл күйіңізді шығара білуде.
Бикеш (23 тамыз - 22 қыркүйек)
Сіз өзгелерге мінез-құлқыңызды түсіндіріп әуре болмаңыз, дегенмен оны өзгертсеңіз, өзіңізге жақсы болатыны анық.
Таразы (23 қыркүйек – 22 қазан)
Бүгін ұзақмерзімді жобаларды аяқтауға қолайлы күн. Бүгін болмаса, жақын болашақта аяқтауға тырысыңыз. Сонымен қатар жаңа іс бастайтын уақыт емес екенін ұмытпаңыз.
Сарышаян (23 қазан - 21 қараша)
Сіздің қаншалықты тамаша адам екеніңді айналадағылар түсінен бастайды. Жақсы қасиеттеріңізді дамыта түсіңіз, сонда өзгелердің сый-құрметіне бөлене түсесіз.
Мерген (22 қараша – 21 желтоқсан)
Бүгін еш қиналмастан жақындарыңыздан көмек сұрай беріңіз. Олар сізге пайдалы болғанына қуанады.
Тауешкі (22 желтоқсан - 20 қаңтар)
Бүгін сіз өзіңіз түсінбейтін нәрсені мойныңызға алмауға тырысыңыз. Мәселе қаншалықты елеусіз болып көрінсе де, маманмен кеңескен дұрыс.
Суқұйғыш (21 қаңтар – 18 ақпан)
Егер сіз сезім толқындарына бөленетін болсаңыз, желдің қалай өзгеретініне де дайын болыңыз. Бүгін сіз қанша елемеуге тырыссаңыз да, шешуші әрекетті талап ететін шаруалар шығуы мүмкін.
Балықтар (19 ақпан – 20 наурыз)
Бұл күнді өміріңіздің соңғы күні сияқты өткізіңіз және әр сәтті бағалаңыз. Әр нәрсені уайымдай бермей, өзіңізді бағалауға тырысыңыз. Тек жаман ештеңе ойламаңыз.
Дереккөз: Сhita.ru
Оқи отырыңыз: Қартаюға қарсы жеміс: күніне қанша құлпынай жеу керек