Денсаулығыңызды күтіңіз:  1 ақпанға арналған жұлдыз жорамал

01.02.2025 10:48

Бүгін шулы ортадан аулақ болып, барынша сабырлы болуға тырысыңыз

Josh Rangel / Unsplash

Тоқты - 21 наурыз – 19 сәуір

Сіздің бойыңызда қабілет пен талант жеткілікті, бірақ оларды өзіңіз де әлдеқашан ұмытып кеткендейсіз. Ол қабілеттерді дұрыс пайдалануға тырысыңыз.

Торпақ - 20 сәуір – 20 мамыр

Бүгін жақсы достармен уақыт өткізуге тұрарлық күн. Шығармашылық талпыныстар бүгін сәтті болмайды.

Егіздер - 21 мамыр – 20 маусым

Бүгін Айдың күшті әсерінен көңіл күйіңіз құбылмалы болып, асығыс шешім қабылдап, күтпеген әрекетке баруыңыз мүмкін. Сондықтан, әлбетте, бүгін ешкіммен ешқандай маңызды мәселелер туралы сөйлесуге болмайды, өзіңіз бармақ тістеп қаласыз.

Шаян - 21 маусым – 22 шілде

Бүгінгі күнді тыныш өткізу сізге қиын болады. Үйдегі бар тірлікті тындырып атстауға құлшынысыңыз оянады. Бүгін сіз балалармен немесе көңілді адамдармен сөйлесуден үлкен ләззат аласыз.

Арыстан - 23 шілде – 22 тамыз

Сіз дауылды сәтті күте тұрып, тек кешке қарай ғана тыныштық орнауы мүмкін. Сол кезде маңызды шешімдер қабылдасаңыз, көп уақыт пен ақшаны үнемдейтін боласыз. Сол арқылы жүйкеңізді де сақтап қала аласыз.

Бикеш - 23 тамыз – 22 қыркүйек

Бүгін сіз сөзбен айтып жеткізгісіз сезімдерді бастан өткересіз. Ойыңызға келген идеяларды сыртқа шығару асығасыз. Эмоцияңызды іште сақтай бермей, айналаңыздағы жақындарыңызбен бөлісуге тырысыңыз.

Таразы - 23 қыркүйек – 22 қазан

Қателескеніңізді мойындағанда ғана қарсы тарапты тыныштандыра аласыз. Әсіресе, егер шынымен қателессеңіз, уақытылы тоқтай біліңіз. Осы тактикалық әдісті пайдаланыңыз, сонда өзіңіздің қыңырлығыңыздан зардап шекпейсіз. Сонда лаулап келе жатқан жанжал да тез арада шешіледі.

Сарышаян - 23 қазан – 21 қараша

Сізде көп күш бар, бірақ сіз өзіңізге мүмкін емес міндеттерді артып алуға бейімсіз. Бекер қинала бергенше, нақты шешім қабылдаған дұрыс.

Мерген - 22 қараша – 21 желтоқсан

Бүгін сіз хайуанаттар бағында қамалған аң емес екеніңізді және өзіңізге ұнамайтын жерді тастап кетуге ештеңе кедергі болмайтынын ұмытпаңыз.

Тауешкі -  22 желтоқсан – 20 қаңтар

Бүгін сізді аралас сезімдер жеңеді. Сізге бір уақытта жылау мен күлуге тура келеді. Барынша сабырлы болып, артық эмоцияға берілмеуге тырысыңыз.

Суқұйғыш - 21 қаңтар – 18 ақпан

Бүгін өзіңіздің іс-әрекетіңізде әбігерге түсуден аулақ болуыңыз керек, сондай-ақ мүмкін болса, ашуланшақ адамдармен араласудан аулақ болыңыз. Бұл бас ауруынан басқа ештеңе әкелмейді. Бүгін сізге байсалдылық пен парасаттылық танытуға тура келеді.

Балықтар - 19 ақпан – 20 наурыз

Бүгін денсаулығыңызды ойлап, өзіңізді күтіңіз. Егер сіз қазір осыған уақыт жұмсамасаңыз, болашақта көп нәрсені жоғалтасыз.

Дереккөз: CHITA

Оқи отырыңыз: Бүгін еліміздің қай өңірлерінде қар жауады - ауа райы болжамы