Коронавирус індетінен 5 науқас көз жұмды

30.06.2020 05:32

Қазақстан бойынша барлығы 188 адам қайтыс болды

Almaty.tv

Коронавирус індетінен 5 науқас көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv. 

Шымкент қаласы - 1969 жылы туған ер адам,

Қарағанды облысы - 1949 жылы дүниеге келген әйел адам,

Батыс-Қазақстан облысы - 1938 жылы туған әйел адам, 1981 және 1963 жылдары туған ер азаматтар.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстан бойынша барлығы 188 адам қайтыс болды.