Қазақстанда COVID-19 індетінен тағы 4 адам қайтыс болды

15.06.2020 13:23

Коронавирус инфекциясын жұқтырып, көз жұмғандардың саны 77-ге жетті

tengrinews.kz

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус індетінен тағы 4 науқас қайтыс болғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

Оның бірі – 1941 жылы туған әйел Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны болса, енді бірі – 1971 жылы туған әйел адам Павлодар облысының азаматы. Сонымен қатар Ақмола облысының екі тұрғыны – 1977 жылы туған ер адам және 1952 жылы туған әйел адам көз жұмды.

«Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирус инфекциясынан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады», – делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша барлығы 77 адам қайтыс болды.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласы – 15

Алматы қаласы – 10

Шымкент қаласы – 11

Ақмола облысы – 6

Атырау облысы – 3

Шығыс Қазақстан облысы – 1

Жамбыл облысы – 1

Батыс Қазақстан облысы – 4

Қарағанды облысы – 7

Қостанай облысы – 2

Маңғыстау облысы – 2

Павлодар облысы – 12

Түркістан облысы – 3

Айта кетейік, республика бойынша 14809 адам аталған індетке шалдықса, 9 188 науқас дертінен айығып шықты.