Алматыда пневмониясы болғандар тексерістен өтіп жатыр

10.04.2020 13:38

Бас санитар дәрігердің сөзінше, қалада пневмониясы болған адамдарға эпидемиологиялық талдау жүргізіліп жатыр

Ашық дереккөз
Алматыда пневмониясы болған науқастар тексеруден өтіп жатыр. Бұл туралы Алматының бас санитар дәрігері Айзат Молдағасымова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бас санитар дәрігердің сөзінше, қалада пневмониясы болған адамдарға эпидемиологиялық талдау жүргізіліп жатыр. Молдағасымованың айтуынша, пневмониясы бар адамдарды коронавирустық инфекцияға тексеру туралы шешім 25 наурызда қабылданған.

"Қала бойынша 277 адам тіркелген. 248 адам тексерілді, оның 25-інен коронавирустық инфекция анықталды", - деді Айзат Молдағасымова.