Коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның бағасы белгілі болды

07.10.2020 14:00

Вакцинаны тіркеуді 15 қазанға дейін аяқтау жоспарлануда

inform.kz

Коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның бағасы бір доза үшін 1 мың рубльден аспайды. Ал алдағы уақытта бағасы арзандай түседі. Бұл туралы журналистерге Федералдық монополияға қарсы қызметтің (ФМҚҚ) басшысы Игорь Артемьев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Біз тариф өте жоғары болуы мүмкін екенін түсінеміз, айталық, бір дозасы мың рубльге дейін. Өйткені вакциналар салыстырмалы түрде аз мөлшерде шығарылады және өндірісті кеңейту үшін оларға капитал қажет. Сондықтан, біз бұл тарифті, өзіндік құнын анықтау үшін бағаны, белгілеген кезде белгілі бір формула болады деп келістік, өйткені қазір басқа елдермен салыстыруға мүмкіндік беретін база жоқ», – деді Артемьев. 

ФМҚҚ басшысы тарифтің әлі белгіленбегенін, бірақ оның бағасы мың рубльден аз болатынын атап өтті. 

«Бұдан әрі референттік елдерге арналған индикаторлар пайда болған кезде баға тек төмендейтін болады»,– деп атап өтті ол. 

Еске сала кетейік, «Вектор» орталығы 24 шілдеде Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінен вакцинаны еріктілерге клиникалық сынақтан өткізуге рұқсат алды. Алғашқы еріктіге 27 шілдеде екпе салынды. Клиникалық зерттеулерге қатысқан 20 еріктіден тұратын топ 8 қыркүйекте ауруханадан шығарылды. 

Роспотребнадзор басшысы Анна Попова вакцинаның клиникалық сынақтан өтуі 30 қыркүйекте аяқталғанын хабарлады. Вакцинаны тіркеуді 15 қазанға дейін аяқтау жоспарлануда.