Қазақстанда коронавирус пневмониясынан 19 адам қайтыс болды

18.08.2021 13:50

Коронавирус пневмониясынан 221 адам емделіп шықты

inform.kz

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 563 жағдайы тіркеліп, 19 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сондай-ақ коронавирус пневмониясынан 221 адам емделіп шықты. 

2020 жылдың 13 наурызынан бері коронавирус пневмониясымен 66381 адам ауырып, 4111 адам қайтыс болды. Ал жазылып шыққандар саны 57171 жетті.