COVID-19 вирусынан барлығы 380 мыңнан астам адам көз жұмды
Әлемде COVID-19 індетін жұқтырғандар саны 6 миллион 300 мыңнан асты. Джон Хопкинс университетінің мәліметі бойынша 3 маусымда 2 миллион 725 мың 541 адам дерттен айықса, 380 мыңға жуық адам қауіпті індеттің құрбаны болған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ал, жаңа үлгідегі коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары көбінесе Солтүстік және Оңтүстік Америкада тіркеліпті. Ондағы науқастар саны 2,9 миллионға жетсе, Бразилияда 555 мың 383 науқас дертті жұқтыруы бойынша көш бастап тұр. Сондай-ақ, коронавирустан зардап шеккен он елдің ішінде Ресей, Испания, Ұлыбритания, Италия, Үндістан, Франция, Германия, Перу елі де бар. Ал, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемия туралы басқа статистиканы ұсынған. Онда әлемде COVID-19 жұқпасының саны 6 миллион 194 мың 533-ке жетіп, 124 мың 139 жаңа инфекция тіркелді десе, 376 320 адам көз жұмған деп көрсетілген.
Коронавирус бойынша әлемдегі ахуал:
АҚШ
1 831 435 адам жұқтырды
106 180 адам қайтыс болды
Бразилия
555 383 адам жұқтырды
31 199 адам қайтыс болды
Ресей
423186 адам жұқтырды
5031 қайтыс болды
Ұлыбритания
279 392 адам жұқтырды
39 452 қайтыс болды
Испания
239 932 адам ауруды жұқтырды
27 127 адам қайтыс болды
Италия
233 515 адам жұқтырды
33 530 қайтыс болды
Үндістан
207 183 адам жұқтырылды
5829 адам қайтыс болды
Франция
188 450 адам жұқтырды
28 943 қайтыс болды
Германия
183 879 адам жұқтырды
8563 қайтыс болды
Перу
170 039 адам жұқтырды
4634 қайтыс болды