Елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 327-ге жетті
Қазақстанда өткен тәулікте, 12 сәуірде 12 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 327-ге жетті. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында - 2, Алматы қаласында - 8, Алматы облысында - 1, Қарағанды облысында - 1.
Қазақстанда 41 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.