Елімізде коронавирус пен пневмониядан 32 адам көз жұмды

10.11.2021 14:02

109 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр

fmbaros.ru


Қазақстанда бір тәулікте пневмония мен коронавирустан 32 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Almaty.tv Денсаулық сақтау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

10 қарашадағы мәлімет бойынша, 38 380 адам коронавирус инфекциясынан (-33 157+ және 5 223 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 7 055 пациент стационарда, 31 325 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
  • 505 адамның жағдайы ауыр,
  • 147 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 109 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.