Коронавирустық пневмония: 10 жағдай және 2 өлім тіркелді

30.03.2021 14:00

2021 жылғы 29 наурыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы және 2 адам өлімі тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

«28 наурыздағы мәлімет бойынша коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 10 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 192 адам емделіп шықты. 1 тамыздан бастап барлық ауырғандар саны - 50443, 684 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 47 837 жетті»,– делінген хабарламада.