Үшеуі де жүк тасымалымен айналысқан
Жамбыл облысында коронавирус инфекциясын жұқтыру дерегі анықталған үш қырғызстандық азамат өз елдеріне қайтарылды деп хабарлайды Kaz.nur.kz облыс әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Жамбыл облысында бұған дейін коронавирус індеті анықталған 1958, 1975, 1984 жылдары туған қырғызстандық үш азамат өз еліне жіберілді. Үшеуі де жүк тасымалымен айналысқан. Олардан індет мемлекеттік шекараны өту кезіндегі тексеріс барысында анықталды. Арнайы автокөліктермен олар шекара маңындағы өткізу пунктіне жеткізіліп, ары қарай Қырғыз Республикасының медициналық қызметтері алып кетті», - делінген ақпаратта. Бүгінгі таңда Жамбыл облысында жұқпалы аурулар стационарында барлығы 41 науқас жатыр. Олардың жағдайы қанағаттанарлық.