Беларусь коронавирус вакцинасын әзірлеуге кіріспек

02.04.2021 14:05

Вакцина жасау бойынша жұмыс істейтін орындаушы ұйымдар белгіленді, жұмыстың негізгі кезеңдері мен қаражат көзі, клиникаға дейінгі сынақтың өткізілу мерзімі анықталды

Фото: ашық дереккөзден

Беларусь президенті Александр Лукашенко коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны өндіру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Құжат 2021-2023 жылдар аралығында Денсаулық сақтау министрлігі мен Ұлттық ғылым академиясының аталмыш вакцинаны жасау бойынша шаралар кешенінің орындалуын көздейді. Атап айтқанда, вакцина жасау бойынша жұмыс істейтін орындаушы ұйымдар белгіленді, жұмыстың негізгі кезеңдері мен қаражат көзі, клиникаға дейінгі сынақтың өткізілу мерзімі анықталды. 

Өкімге сай, ДСМ-ның ғылыми ұйымдары мен ҰҒА вакцина жасауға қажет құрал-жабдықтар және құрамдас өнімдермен қамтамасыз етіледі. ҰҒА-ның Биофизика және жасушалық инженерия институты эксперименталды және қолданбалы вирусология орталығын жаңғарту қарастырылған.