Өткен тәулікте пневмониядан 2 адам қайтыс болды

17.02.2021 14:07

2021 жылғы 17 ақпандағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 66 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

Оған қоса 235 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 48766, 604 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 39713 жетті.