Қазақстанның тағы бір облысы «жасыл» аймаққа өтті

15.06.2021 18:05

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы

Фото: ашық дереккөзден

2021 жылғы 15 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы. 

«Сары» аймақта: Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары. 

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары. 

Айта кетейік, кеше Ақмола облысы «сары» аймақта болған еді.