Қазақстанда өткен тәулікте 1145 адамда инфекция анықталды
15 маусымдағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониямен ауырған 57 адам тіркелді. Ал 4 науқас көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі coronavirus2020.kz-ге сілтеме жасап.
Оған қоса 31 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 56333, 966 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 51761 жетті.
Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 1145 адамда инфекция анықталған.