Қазақстанда коронавирусқа шалдыққан 1,8 мың науқастың жағдайы ауыр

12.08.2021 14:15

Олардың ішінде 30 769 пациент стационарда, 82 386 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда

Коронавирусқа шалдыққан 1,8 мың науқастың жағдайы ауыр. Бұл туралы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия дерегінде айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

12 тамыздағы мәлімет бойынша, 113 155 адам коронавирус инфекциясынан (108 954 КВИ+ және 4 201 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 30 769 пациент стационарда, 82 386 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 1 849 адамның жағдайы ауыр,

- 479 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 215 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.


inform.kz