Коронавирус: "сары" аймақта екі өңір қалды

29.12.2021 14:59
inform.kz

29 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram парақшасына сілтеме жасап.

«Қызыл» аймақта: Ешбір өңір жоқ. 

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысы бар. 

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары мен Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.