Пневмония: Өткен тәулікте тағы 2 науқас көз жұмды

21.01.2021 14:19

2021 жылғы 21 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат

Фото: ашық дереккөзден

Өткен тәулікте  коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 131 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.

Оған қоса 120 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 47115, 547 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 34925 жетті.