Коронавирус: 272 адамның жағдайы ауыр

14.01.2021 14:20

55 пациенттің жағдайы өте ауыр

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 14 қаңтардағы мәліметті жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

14 қаңтардағы мәлімет бойынша, 23 608 адам короновирус инфекциясынан (11 759 КВИ+ және 11 849 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 850 пациент стационарда, 17 758 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

272 адамның жағдайы ауыр;

55 пациенттің жағдайы өте ауыр;

51 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.