Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 67 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді
Қазақстанда бір тәулікте коронавирус белгісі бар пневмонияға 70-ке жуық адам шалдықты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ресми дереккөзге сілтеме жасап.
«Өткен тәулікте коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 67 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. 1 тамыздан барлығы 18673 адам ауырды, 220 өлім жағдайы тіркелді», – делінген ақпаратта.