162 пациенттің жағдайы өте ауыр
14 сәуірдегі мәлімет бойынша, 35 821 адам короновирус инфекциясынан (35 322 КВИ+ және 499 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 12 482 пациент стационарда, 23 339 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл туралы ҚР ДСМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 579 адамның жағдайы ауыр;
• 162 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 117 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.