Аурудың өсу деңгейі мамыр айының соңынан басталған
Әлемде мамыр айының соңынан бастап коронавирус инфекциясының көбею жағдайы тіркелуде, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы аптада әлемде коронавирустық инфекцияның жаңа жағдайларының саны 3,4 миллионнан асқан. Бұл өткен аптамен салыстырғанда 300 мыңға көп. Аурудың өсу деңгейі мамыр айының соңынан басталған.
Алайда өлім-жітім көрсеткіштері азайған. Жеті күн ішінде COVID-19 салдарынан 8,7 мың адам қайтыс болған. Бұл өткен аптаға қарағанда 900 адамға аз және 2020 жылдың көктемінен бергі төмен көрсеткіш болып табылады.
АҚШ әлемде коронавирус жұқтыруы бойынша алты апта бойы бірінші орынға ие болғанына қарамастан, соңғы күндері инфекцияның таралу қарқыны біршама төмендеген. Ал маусым айының басынан бастап күніне алғаш рет вирус жұқтырғандар саны 100 мыңнан аз анықтала бастады. Жалпы, соңғы жеті күнде онда 568 мыңға жуық жаңа жағдай тіркелді, бұл алдыңғы ұқсас кезеңге қарағанда шамамен 93 мыңға аз.
Бразилияда екі апта бойы індетке шалдығу деректері күніне шамамен 40 мың жағдайдан тіркелуде. Бұл наурыз айындағы көрсеткіштерге сәйкес келеді. Мексикада өткен аптамен салыстырғанда инфекцияның таралу қарқыны бір жарым есе өсті - бүгінгі күні коронавирус күніне шамамен 9 мың адамнан анықталуда.
Колумбияда жаңа өршу жағдайлары байқалады, онда бір апта ішінде ауру саны бір жарым есе өскен.
Аурудың өсуі Азия мен Таяу Шығыс елдерінде байқалады. Атап айтқанда, Израильде тәулігіне 10 мыңға жуық инфекция тіркелуде. Бұл сәуір айының басынан бергі ең жоғары көрсеткіш.
Үндістанда вирустың таралу қарқыны жоғары деңгейге дейін өсті. Онда күн сайын 12 мыңнан астам вирус жұқтыру деректері тіркелген.
Жапонияда екі апта қатарынан тәулігіне 13-14 мың адам вирус жұқтыруда. Айдың басында олардың саны 20 мыңнан астам болған.
КХДР-дағы жағдай біршама тұрақтанып, соңғы күндері 30 мыңнан аз адамнан қызба белгілері байқалған (олардың барлығынан ковид диагнозы анықтала бермейді).
Бірқатар Еуропа елдерінде ауру күрт өсті. Атап айтқанда, Францияда вирус жұқтырғандардың саны күніне 50 мыңнан асады, мұндай көрсеткіш сәуір айының соңынан бері болмаған. Германияда күніне 80 мыңнан астам вирус жұқтырғандар анықталуда, өткен аптамен салыстырғанда ауру 25 пайызға өскен. Италияда соңғы күндері ауру көрсеткіші екі есе өсіп, Ұлыбританияда, Бельгияда, Австрияда және т.б. сәл өсім байқалған.
Коронавирус салдарынан адам өлімі бойынша АҚШ-та көз жұму деңгейі 20% төмендеді. Ковидтің салдарынан соңғы аптада елде 1,2 мыңға жуық адам қайтыс болды, бірақ бұл әлемдегі ең жоғары көрсеткіш. Өлім-жітім бойынша екінші орында Бразилия, онда өткен аптада 800 - ден астам адам қайтыс болды. Үшінші орында Ресей, онда 2020 жылдың сәуірінен бастап алғаш рет коронавирусқа байланысты өлім саны 500-ден аз болды.