Қазақстанның бір өңірі «жасыл» аймаққа өтті

20.11.2021 14:30

20 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды

Фото: ашық дереккөзден

Атырау облысы «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

20 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. 

«Қызыл» аймақта: Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары. 

«Сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола, Қарағанды, Қостанай облыстары. 

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары.