Қазақстанда коронавирустан 26 380 адам емделіп жатыр

09.02.2021 14:34

261 адамның жағдайы ауыр

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда осы уақыттан коронавирустан 26 380 адам емделіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі  ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Олардың арасында олардың ішінде 5 560 пациент стационарда, 20 820 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

• 261 адамның жағдайы ауыр; 

• 50 пациенттің жағдайы өте ауыр; 

• 41 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.