Қазақстанда барлығы 396 індеттен көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
«Қазақстанда барлығы 61 755 науқас тіркелді. Оның 25 448-і емделіп жатыр. 35911 пациент жазылып шықты. 396 адам қайтыс болды», – деді Цой үкімет отырысында.
Айтуынша, жағдайды тұрақтандыру үшін күн сайын өңірлерде он жеті индикатор бойынша мониторинг жүргізіледі. Қосымша тағы төрт индикатор қосу туралы шешім қабылданған. Олардың екеуі әкімдіктердің жұмысын бақыласа, қалған екеуі дәрі-дәрмектің бар-жоғын және бірыңғай дистрибьютордың жұмысын көрсетеді.